Тазалық – ортақ тәртіптен басталады. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында жүйелі рейдтік шаралар өтіп жатыр. Кезекті аралау Жібек жолы ауданында ұйымдастырылды. Учаскелік полиция инспекторлары мен заңгерлер тұрғындарға үй ауласының сыртқы тазалығына қатысты заң талаптарын түсіндірді. Негізгі мақсат – қаланы көркейту және тұрғындар арасында жауапкершілікті арттыру.
Ақпараттық порталы

