15 Ноя 2026, Вс

ОБА МЕН ЖҰКПАЛЫ ДЕРТТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ?

Әлемде сирек кездескенімен, жойылмаған қауіпті дерттің бірі — оба. Жұқпалы аурудың табиғи ошақтары бар өңірлерден келетін әуе рейстері әрдайым жіті бақылауда. Тараз қаласының «Әулие-Ата» халықаралық әуежайында аса қауіпті инфекция табылған жағдайда шұғыл әрекет етудің кешенді оқу-жаттығуы өтті. Басты мақсат — індетті шекарада тұсаулап, халық арасында таралуына жол бермеу.