15 Ноя 2026, Вс

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ашық есік күнін өткізді. Кездесудің басты мақсаты — студенттердің қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекет, қаржы институттары мен болашақ кәсіпкерлер арасында тиімді диалог алаңын құру. Шараға бизнес, банк саласының өкілдері, сарапшылар мен студент жастар қатысты.