Жамбыл облысында ең мықты өрт сөндірушілер анықталды. Тараз қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің базасында «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметі буыны» байқауы өтті. Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының мамандары нақты жағдайларға барынша жақындатылған ортада кәсіби шеберлігін шыңдап, төзімділіктерін сынға салды.
Ақпараттық порталы

