15 Ноя 2026, Вс

ОТБАСЫ — ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Отбасы – ұлттың тірегі» облыстық байқауы өтті. Шара барысында отбасы құндылықтары дәріптеліп, ұлттық салт-дәстүр мен тағамдар кеңінен таныстырылды. КТМ:Байқау аясында қатысушылар ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырып, қазақ дастарханының ерекшелігін таныстырды. Көрмеге бауырсақ, құрт, ірімшік және басқа да дәстүрлі тағамдар қойылды. Әр отбасы өздерінің дайындаған ұлттық тағамдарын таныстырып, олардың жасалу жолы мен маңызын түсіндірді.