Отанды қорғау – абыройлы міндет, қасиетті борыш! Тараздағы 99205 әскери бөлімінде «Құлан-2026» аумақтық қорғаныс әскери жиыны мәресіне жетіп, салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес өткізілген ауқымды оқу-жаттығуға Тұрар Рысқұлов ауданынан 78 әскери міндетті қатысты. 10 күн бойы темірдей тәртіпке бағынып, сапқа тұрған азаматтар шыңдалған жауынгерлік дайындықтарын көрсетті.
Ақпараттық порталы

