15 Ноя 2026, Вс

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жамбыл облысының оқу орындарында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кезекті профилактикалық кездесу Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінде ашық диалог форматында өтті. Құқық қорғау органдарының өкілдері студент жастармен құқықтық тәртіп, жеке қауіпсіздік және заңды жауапкершілік мәселелерін талқылады.