15 Ноя 2026, Вс

ҚАЛА ӘКІМІ ШАТЫРЫ ӨРТЕНГЕН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Тынышбаев көшесіндегі өрт болған үйдің тұрғындармен кездесті. Тілсіз жау салдарынан баспанасы зақымданған 10 отбасыға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, үйдің шатыры толықтай қалпына келтірілмек. Шаһар басшысы қиын жағдайда қалған отбасылардың ешбірі назардан тыс қалмайтынын айтып, оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын түсіндірді. Толығырақ әріптесім тарқатады.