15 Ноя 2026, Вс

ДОНОРЛЫҚҚА ДЕГЕН СҰРАНЫС АРТУДА

Қан ауруларымен күресіп жүрген науқастар үшін дің жасушаларының доноры болу – өмірге мүмкіндік сыйлайтын маңызды қадам. Әсіресе туыстарынан сәйкес донор табылмаған жағдайда, үміт ұлттық тіркелімдегі еріктілерге байланысты. Бүгінде елімізде осындай донорларды көбейтуге ерекше мән беріліп отыр.