15 Ноя 2026, Вс

ӘКЕ ӨНЕГЕСІ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Әке мен бала арасындағы байланыс – отбасы тәрбиесінің ең маңызды негіздерінің бірі. Баланың әкесімен бірге өткізген әрбір сәті оның бойына сенім, жауапкершілік пен ер азаматқа тән қасиеттерді қалыптастырады.Бүгін біз Жұмашовтар әулетіне арнайы барып, әке мен баланың бірге футбол ойнап жүрген сәтіне дөп түстік. Бұл – отбасы үшін жай ғана спорт емес, әке мен баланың жақын болып, еркін әңгімелесетін уақыттарының бірі.