Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстанның қатысуымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, полиция өкілдері, ауыл әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл ақсақалдары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық пен қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру.
Ақпараттық порталы

