15 Ноя 2026, Вс

ТІЛ – ТІРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Парасатты полицей» тіл апталығы аясында «Тіл — тірлік пен бірліктің тұтастығы» атты тағылымды іс-шара өтті. Басқосу алдымен түрлі этностардың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін паш ететін көрмеден басталды. Мұнда департаменттің басшы құрамы мен ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен зиялы қауым өкілдері этностардың қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарын тамашалады.