Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан құрамасы үшін олжалы аяқталды. Ұлттық спорт түрлерінен сынға түскен отандастарымыз 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын, 20-сы – күміс, 22-сі – қола. Байрақты додада Жамбыл облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғады.
Ақпараттық порталы

