15 Ноя 2026, Вс

МЕРКІЛІКТЕР ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жамбы атудан қос жүлде иеленген меркілік спортшы Абзал Тұлыбековті жерлестері құрметпен қарсы алды. Меркі ауданы, Жамбыл ауылының тумасы, ұлттық құрама спортшысы Абзал Тұлыбеков жамбы атудың қырғыз стилі бойынша алтын, ал мажар стилі бойынша қола жүлдені қанжығасына байлады.