15 Ноя 2026, Вс

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан құрамасы үшін олжалы аяқталды. Ұлттық спорт түрлерінен сынға түскен отандастарымыз 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын, 20-сы – күміс, 22-сі – қола. Байрақты додада Жамбыл облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғады.