15 Ноя 2026, Вс

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Түркістандағы «Достық үйінде» этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен қоғам қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстық, аудандық және қалалық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Басқосуда құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және этносаралық татулықты нығайту бағыттары сөз болды.