Жамбыл облысында қоғамдық көлік жүйесін ауқымды модернизациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Тараз қаласы мен Жамбыл ауданында облыс орталығын аудан орталығы — Аса ауылымен тікелей байланыстыратын жаңа тұрақты автобус бағыты ресми түрде іске қосылды. Шараға Тараз қаласының әкімі, Жамбыл ауданының әкімі және өңір тұрғындары қатысты. Басшылар жаңа қоғамдық көліктің қолайлылығын өздері тексеріп, алғашқы жолаушылармен тілдесті.
Ақпараттық порталы

