Жамбыл облысының спортшылары сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. 8-25 тамыз аралығында Алматы қаласы, Алматы облысы және Орал қаласында өткен төртінші республикалық Спартакиадаға еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысты. Жамбыл облысының намысын спорттың он түрінен 99 спортшы қорғап, жалпы командалық есепте 186 ұпай жинады. Нәтижесінде облыс құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бүгін үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушылары марапатталды.
Ақпараттық порталы

