15 Ноя 2026, Вс

МАХАББАТТЫҢ ӘЗІЛГЕ АЙНАЛҒАН ХИКАЯСЫ

Махаббат туралы неше түрлі хикая бар. Бірі бақытпен аяқталса, енді бірі күтпеген таңдауға әкеледі. Ал Тараз сахнасында бұл жолы махаббаттың қызығы мен шыжығы әзілмен өрілді. Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Махаббат stories» сатиралық комедиясының премьерасы өтті.