15 Ноя 2026, Вс

ТҮРКІСТАНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Биылғы жиын «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды. Жиынға қала әкімі, облыстық білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен ұстаздар, құқық қорғау органдарының өкілдері және сала мамандары қатысты.