Түркістанда облыстық Тамыз кеңесі аясында кітапхана ісіне арналған секциялық отырыс өтті. «Кітапхана – зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиесінің ордасы: ұлттық және конституциялық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы жиында оқушының кітап оқу дағдысын жетілдіру, оқырман мәдениетін дамыту және мектеп кітапханаларының заманауи мүмкіндіктері сөз болды.
Ақпараттық порталы

