15 Ноя 2026, Вс

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Тараз қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһардың көлік қатынасын жақсарту мақсатында 2023–2026 жылдар аралығында 516 көшеге асфальт төселіп, жол желісін толық жаңарту жоспарланған.