15 Ноя 2026, Вс

ЖОЛДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Тараз қаласының аумағында тамыз айының 10-ы мен 12-сі аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Тәртіп сақшылары бұл күндері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, шаһардың негізгі көшелері мен жол апаттары көп тіркелетін қауіпті учаскелерінде рейдтік тексерулер жүргізді. Шараның басты мақсаты — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.