15 Ноя 2026, Вс

СПОРТ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Жамбыл облысында «Спорт күні» кәсіби мерекесі кең көлемде атап өтілді. Осы айтулы датаға орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында салтанатты жиын өтіп, өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлесін қосқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен арнайы төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ мерекелік шара аясында спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада жалауын желбіретті.