15 Ноя 2026, Вс

ҮЗДІК СЕРЖАНТТАР АНЫҚТАЛДЫ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды. Жамбыл облысындағы «Айша бибі» оқу-жаттығу полигонында сержанттар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Сайысқа бөлімше командирлерінен бастап бригада мен әскери базалардың сержанттарына дейінгі 70 әскери қызметші қатысты. Олар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Үздік сержанты» атағы үшін бақ сынады.