15 Ноя 2026, Вс

ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ КӨРІНІСІ

Меркі ауданында той мәдениетін қалыптастыруға арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда ысырапшылдықтың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды. Жиынға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, асабалар, мейрамхана иелері мен аудан тұрғындары қатысты.