Ұлы ойшылдың мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған «Абай әлемі: Ойдан – өнегеге» әдеби-танымдық апталық басталды. Салтанатты шарада ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалып, абайтануға арналған құнды еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
Ақпараттық порталы

