Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Мамандардың айтуынша, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тек психологтардың ғана емес, ата-аналардың, педагогтардың және жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өйткені балаға уақытында көрсетілген қолдау мен түсіністік оның өміріне төнетін қауіптің алдын алуға көмектеседі.

