Спорт — тек денсаулық кепілі емес, ол — тең мүмкіндіктер мен шексіз жігердің майданы. Тараз өңірінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау, оларды қоғамға бейімдеу және дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Нәтиже жаман емес! Жарты жылдың ішінде өңір спортшылары халықаралық әрі республикалық додаларда жүздеген медальды еншіледі. Өрендердің жеткен жетістіктері жайлы алдағы бейнематериалда.

