28 Июл 2026, Вт

ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Қазақстанда шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға бақылау күшейтілді. Енді бұл бағыттағы бақылау-қадағалау функциялары Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Осыған байланысты Жамбыл облысында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік азимуты» республикалық профилактикалық акциясы басталды.