28 Июл 2026, Вт

ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қолында беделді жоғары оқу орнының дипломы бар бола тұра, кеңседегі жылы орнын сарбаздың ауыр бәтеңкесіне айырбастау. 23 жастағы Никита нағыз ер-азаматқа тән шешім қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеуге өз еркімен аттанды. Бүгінде жоғары білімді маман Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде үлгілі қызмет атқарып жүр.