Тараз қаласында алимент бойынша берешегі бар жұмыссыз борышкерлер мен пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Еңбек мобильдігі орталығының Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» филиалы мен қала прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырды.

