Тараз қаласында қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті. Жиынға Жібек Жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты. Басқосуда еліміздегі этносаралық татулықты сақтау мәселесі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді. Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.

