
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде 18 шілде – халықаралық деңгейде аталып өтетін Нельсон Манделаның туған күніне орай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында сотталған азаматтарға қоғам қайраткері, бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғаудың символына айналған Нельсон Манделаның өмірі мен қызметі туралы көркем-деректі фильм көрсетілді.
Фильмде Нельсон Манделаның өмір жолы, әділдік жолындағы күресі, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуі және өмірдің қиын сынақтарына мойымай, қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі баяндалды. Көрсетілімнің мақсаты – сотталғандардың құқықтық санасын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, өмірлік құндылықтарды бағалауға және заңды құрметтеуге ынталандыру.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
