28 Июл 2026, Вт

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ДРОН БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНУДЕ

Таразда әскери міндеттілердің отыз күндік жиыны шешуші кезеңге өтті. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау орталығында бас қосқан азаматтар ең күрделі мамандық — «Дрон операторы» өнерін меңгеруге кірісті. Енді олар заманауи техниканың қыр-сырын зерделеп, әуеде еркін пилоттаудың базалық дағдыларын игермек.