28 Июл 2026, Вт

«ИНВАТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ КҮН САЙЫН 70-КЕ ЖУЫҚ РЕЙС ОРЫНДАЙДЫ

Таразда ерекше қажеттілігі бар азаматтардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беретін «Инватакси» қызметі өз жұмысын жалғастырып келеді. Жоба аясында мүгедектігі бар жандарға тегін көлік қызметі көрсетіледі. Бүгінде аталмыш қызметтің қалай жұмыс істеп жатқаны туралы «Шапағат» корпоративтік қорының төрайымы әрі «Инватакси» қызметінің жетекшісі Севара Нұрматова айтып берді.