15 Ноя 2026, Вс

«ХАЛЫҚ БУХГАЛТЕРІ» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған жиын өтті. Мерекелік шараға кірістер органдарының ардагерлері, қызметкерлері, жас мамандардың ата-аналары, кәсіби бухгалтерлер мен салық төлеушілер қатысты.Мемлекеттік қызмет – ел тұрақтылығы мен дамуының маңызды тірегі. Осыған орай ұйымдастырылған жиында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен халық игілігі жолындағы адал еңбектің маңызы кеңінен айтылды.