Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі қаралды. Жиында облыс аумағында орын алған қайғылы оқиғаларға талдау жасалып, қауіп-қатер тобындағы отбасыларды уақытылы анықтау және оларды әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарының әлсіз тұстары айтылды.
Ақпараттық порталы

