Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінде Облыс прокуратурасының 5-басқарма прокуроры Д.М. Краубековтың жүргізуімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында мекеменің режим бөлімінің 2026 жылдың 5 айындағы қызмет қорытындылары қаралып, атқарылған іс-шаралар туралы баяндама жасалды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесі мен 5513 әскери бөлімі арасындағы қызметтік өзара іс-қимыл барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, мекеме аумағында орналасқан бекеттерде 5513 әскери бөлімінің 3-атқыштар ротасы бақылаушы қызметкерлерінің күзету және қадағалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мекеменің көліктік бақылау-өткізу бекетінде автокөліктердің ішкі аумаққа кіруі мен шығуын бақылау және өткізу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қызметтік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен бақылауды күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттерді белгіледі. Прокурор Д.М. Краубеков көтерілген мәселелердің заң талаптарына сәйкес шешілуі және ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

