19 Июн 2026, Пт

МЫҢНАН АСТАМ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

https://youtu.be/JFC8NPwpQlI

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Бүгін Тараз қаласының болашағы зор 15-ші мөлтек ауданында жүздеген отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлердің кілтін тұрғындарға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты түрде табыс етті. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтерген бұл шағын аудан — қазір шаһардағы қарқынды дамып келе жатқан басты бөлігі.