19 Июн 2026, Пт

БАЙЛАНЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Жамбыл облысында тұрғындарды сапалы интернетпен және тұрақты байланыспен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда өңірдегі 353 елді мекеннің 265-і 4G мобильді интернетімен қамтылған. Сонымен қатар талшықты-оптикалық байланыс желісін кеңейту, жаңа базалық станциялар орнату және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда.