15 Ноя 2026, Вс

МОЙЫНҚҰМДАҒЫ ҚОС МЕРЕЙТОЙ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Мойынқұм ауданының 60 жылдығы мен даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Ауқымды шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен өңір зиялылары қатысты. Мерейлі тойдың шымылдығы «Мойынқұм ауданының даму жолы және Жазылбек Қуанышбаев мұрасы» атты тарихи-танымдық конференциямен ашылды.