Тараз қаласындағы жаңартылған «Ұлан» стадионы ресми түрде есігін айқара ашты. Күрделі жөндеуден өтіп, футбол алаңының жасанды төсеніші заманауи талаптарға сай толық жаңартылған бұл спорт нысанында бүгін алғашқы ресми жарыс басталды. 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «ULAN CUP – 2026» қалалық футбол турниріне Тараз қаласынан 12 команда қатысып, бақ сынауда. Айтулы шараның ашылуына Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы арнайы қатыстысып, жас өрендерді жаңа алаңшаның ашлуыме құттықтап алдағы ойындарына сәттілік тіледі.
Ақпараттық порталы

