Құмшағал мен Шөлдала тұрғындарын алаңдатқан электр энергиясы мәселесі жылдар бойы өзекті болып келді. 2010 жылдан бері көтеріліп келе жатқан түйткілдің түйіні бүгінде тарқатылуға жақын. Бұл аумақта 25 мыңға жуық халық тұрады. Тұрғын үйлерге жарық тартылғанымен, электр қуатының кернеуі төмен болғандықтан, тұрғындар күнделікті тұрмыста түрлі қиындықтарға тап болып келеді.
Ақпараттық порталы

