15 Ноя 2026, Вс

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Тараз қаласының Жібек жолы ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — қаланы қоқыстан тазарту, бейберекет қоқыс орындарын жою және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Акция «Қаланың тазалығы — баршамызға ортақ міндет!» ұранымен ұйымдастырылды. Айта кетейік, шараға аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова да қатысты.