15 Ноя 2026, Вс

ТАРАЗДА «QAISAR» ОЙЫНДАРЫ БАСТАУ АЛДЫ

Таразда «Қайсар» әскери-патриоттық ойындарының облыстық кезеңі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға аймақтың он ауданы мен Тараз қаласынан іріктелген 12 үздік команда қатысуда. Ауқымды жобаның ұйымдастырушылары — қалалық әкімдік және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты.