15 Ноя 2026, Вс

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ — БІЛІМ БЕСІГІ

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулати – білімнің алтын бесігі: ұрпақтар сабақтастығы мен жарқын болашаққа сенім» атты ауқымды түлектер форумы өтті. Тағылымды шараға әр жылдардың түлектері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет басшылығы мен студент жастар қатысты.