15 Ноя 2026, Вс

МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ ӨТТІ

Тараз қаласындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында көптен күткен соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті.«Білімім – Отаныма!» атты мерекелік шарада мектеппен қимай қоштасқан жас түлек үшін ерекше сәттер орын алды. Он бір жыл бойы білім мен тәрбиенің ордасына айналған алтын ұя мектебінен түлеп ұшқалы тұрған жастар үшін бұл күн – қуаныш пен қимастыққа толы тарихи белес.