Тараз төріндегі 150 жылға жуық тарихы бар, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханов есімін иеленген №1 гимназияда салтанатты жиын өтті. Биыл бұл білім ордасынан 102 түлек үлкен өмірге жолдама алып отыр. Оның ішінде 8 «Алтын белгі» және 10 «Үздік аттестат» үміткері бар. Оқу жылының қорытындысы бойынша республикадағы «100 үздік мектептің» қатарына енген білім ұясына аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы барып, түлектер мен ұстаздар қауымын құттықтады. Облыс әкімі өз сөзінде Жамбыл өңірінің білім саласындағы толағай табыстарын ерекше атап өтті.
Ақпараттық порталы

