15 Ноя 2026, Вс

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТІҢ ЖАҢА КЕҢІСТІГІ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейтін ауқымды бастама. Осы бағыттағы жұмыстардың нақты жүзеге асу барысымен танысу үшін бүгін арнайы түсірілім тобы Тараз қаласындағы №67 мектепке барып, жаңа форматтағы білім ордасының тыныс-тіршілігіне куә болды.